Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  99


Автор: Танакөз Толқынқызы

СӨЙЛЕСЕМ СІЛКІНЕР БІР ДӘУІР

Сөйлесем сілкінер бір дәуір,
О, несі ішінен тынғаны?
Күтудің салмағы зілмауыр
Еңсемді көтертпей тұрғаны.
Әңгіме тыңдаймын құлықсыз,
Білмеймін дәл қазір нақ кіммін?
Іздеймін біреуді ырықсыз,
Егіліп жылауға шақ тұрмын.
Шақ тұрмын күл болып кетуге,
Бір дауыл тұрады-ау кешікпей!
Бір-ақ сәт гүл болып кету де,
Бір-ақ сәт өбісу өшікпей.
Үнсіздік – ең ауыр жаза бұл,
Азабын мен ғана айта алам.
О, жетер, бүгінгі мазағың
Жетеді... тіл қатшы қайтадан...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу