Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  69


Автор: Тəпей Қайысханұлы

СИҒЫЗА АЛСАҢ АҚЫНДЫ ЖҮРЕГІҢЕ

Айналайын, көзіңнен тұнық қара,
Тұнық қара көзіңмен күліп қара.
Сені, жаным, жүдеткен көңілдегі,
Күшіктеген бейшара күдік қана.
Бақытыма туғандай өзің бөлек,
Маған ғана арналған көзіңдегі от.
Білесің бе, мен үшін дəл осындай,
Дəл осындай құлаған сезім керек.
Жүректегі дертімнің кезінде емін,
Өзім сиған көзіңнен сезінгемін.
Содан бері ілесіп өн-бойымда,
Жүгіріп жүр жұп-жұқа сезімдерің.
Іңкəрліктің жинаған дана сырын,
Көзінде ғой көзіңде тамаша ұғым.
Мен туралы түсінген-күйгеніңді,
Хабарлайды қалдырмай қарашығың.
Қандай сезім өзіңнен қалап едім,
Қалауыма ендеше, қара менің.
Ешкім ашып көрмеген менен өзге,
Ақ төсіңде əдемі қара меңің ,
Қара меңге жабысып қалады ерін.
Жүру үшін жұптасып біз ілгері,
Іңкəр нұры өшпесін жүзіңдегі.
Ол өшсе егер, білесің онысыз дағы,
Жүйкелерім жүргенін үзілгелі.
Сүйгені бар, өзіндік күйгені бар,
Əйел жаны-ай, нəзік бір күйге құмар.
Шай қайнатып жүргенмен үйде бұлар,
Бізден артық өмірден түйгені бар,
Артық жерін ендеше, үйреніп ал.
Əлде қандай ақ нөсер жауын тілеп,
Жүргенімдежабырқап жанып жүдеп.
Сенің шексіз махаббат өртіңменен,
Қайта жанып еді ғой жалын жүрек.
Шығарам деп мұң-шерді қуып қашан,
Күзгі күндей кейде бір бұлттасам,
Сенің тəтті сырыңа ұйып жатып,
Айығамын қасыңда ұйықтасам.
Жəй үрлеген еменнің жапырағы ем,
Арман əнін таптым-ау, ақыры əрең.
Сиғыза алсаң сен егер жүрегіңе,
Сиғыза алар бəрін де ақын əлем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу