Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  114


Автор: Жәнібек ӘЛИМАН

Мамықтай үлбіреген Малика қыз....

Мамықтай үлбіреген Малика қыз,
Сыпайы сылқым сырлы салиқаңыз.
Аспандап аққу қанат, көктем көркің
Көмкеріп көрсетердей фәниді аңыз.
Малика – атына сай періште қыз,
Табысқан тағдырлардай еңісте егіз.
Сыңарсыз сыңсу айтқан мұңлықтарға
Жүректен жұдырықтай төр үстеңіз.
Малика, баяу қалқып есілесің,
Сен жаққа ауа берді несіне есім?..
Кезінде көктемеңнің гүлдемесең
Сезімге салқын түссе кешігесің...
Малика – сайға біткен бүлдіргендей,
Лүпілі қос жүректің... кім білгендей?
Қытығы көңілдердің кірбіңге енбей.
Айтуға алабұртып тіл қатпадым
Қайтуға қайран бар ма,
жүргім келмей.
Малика, жүз бүлініп, мың құбылдым,
Алдында сұлулықтың құлдық ұрдым.
Мейіздей ноқат меңге қарай бердім
Түйткілі тарқайтындай тірлігімнің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу