Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  166


Автор: Жәнібек ӘЛИМАН

Ақ қанат қар....

Ақ қанат қар,
Тұлдыр жатқан төсейді баққа мақпал.
Күллі әлемнің күнәсін бүркей салып,
Жұмыр жерге жеткізер Хақтан ақпар.
Сыз жүрегі –
Күзді кері тастауға үздігеді.
Аппақ болып тусақ та... тосар алдан
Қарауытқан дүние бізді үнемі.
Кеткен есі,
Риясыздық ақ қарда жоқ демеші.
Сезімдерге тұратын ерік беріп
Күнәһарлау сенен де көктем осы.
Көбелектей,
Жауған қарды көр, кәне, өлең етпей.
Мені жалған дүние жалықтырды
Сені тағы алмады жер өбектей.
Ақ қанатым,
Менен гөрі сен едің Хаққа жақын.
Дүние-есеп шешімін таба алмай дал
Өлеңінің ұйқасын тапқан ақын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу