Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  90


Автор: Жәнібек ӘЛИМАН

САРЖАҒАЛ КҮЗ

Сұлу күзді сұрланған тұман бүркеп,
Іштей келем ыңылдап бір әнді үркек.
Мен бейбақты, Тәңірім, жарылқасаң
Махаббаттан жанымды қуандыр тек.
Өршеленген шабыт аз, шүбәміз көп,
Жабырқасам жаныма жыр-ән ізгі от.
Мәнім кетіп мен бар ғой әйтпесе бұл
Жер бетінен жүргем жоқ
жұмақ іздеп...
Қарындастан қалмаса
Арда көңіл,
Сәлем бермен иіліп паңға небір.
Анда-санда ақылым кіре қалса
Мені қорқытатыны – жалған өмір.
Сенен емес, сұрғылт күз,
содан қорқам,
Арсыз күліп қарайды оған да ортам.
Тықыр таяп қалғанын сезінесің
Аярлыққа алмасса обал мен қам!..
Сен кәделі болғанда мен дәмелі,
Жасауымыз керек ед елге әуелі...
Бес күн өмір жалған боп бұлдыраса,
Шындық іздеп таусылып нем бар еді?!
Шағырмағы шырайлы саржағал күз,
Әуел баста-ақ біз соны таңдағанбыз...
Таусылудың жөні жоқ сондықтан да
Сен де, мен де әзірге алданармыз...
Саржағал күз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу