Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  62


Автор: Жәнібек ӘЛИМАН

Мұң жұтып қара түннің қабағынан....

Мұң жұтып қара түннің қабағынан,
Сыр жұтып сағым күннің жанарынан,
Отырам ойға кетіп, жазу жазып,
Құтылып тағдырымның талауынан.
Мұң іштім қара түннің қалбырынан,
Нұр іштім бұлтты күннің
жаңбырынан.
Сытылып шыға алмасым
мәлім, білем,
Тәңірдің тәлкек еткен тағдырынан.
Қайтейін қара түнді тілсіз, үнсіз,
Ой қуып, миым қалған бір тынымсыз.
Мазасыз қалың оймен арбасамын
Мұңдылау, бірақ, менің
сыртым үнсіз.
Басқалар базынамды білмес мынау,
Түн құсап түнеріп бір күн кештім-ау.
Жанымды аласұрған неғылайын,
Сыр бүккен қара түнмен
үндес мынау?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу