Өлеңдер ✍️

  16.09.2022
  280


Автор: Маралтай Райымбекұлы

БАҚЫТ

Сорлап жүрсің билік айтар тақ болмай,
Жүрмін мен де басыма бір бақ қонбай.
Жердің беті – шахматтың тақтасы,
Тоқтамайтын корольдері мат болмай.
Тағдырыммен әзілдестім тіресіп,
Тақ пен баққа қызыққам жоқ күресіп.
Бір кездері сүйген едім бір қызды,
Сол қызбенен кетсе керек ілесіп.
Маған солай, бәлкім, сізге күлкілі,
Бақыт деген – балмұздақтың бір түрі.
Айныған соң, сен жолықтың,
Айтып-айтпай не керек?!»
Соңғы шумақты тұтастай Абайдан алып отырғанымен, Маралтайдың бұл өлеңi — бiз жоғарыда атап өткенiмiздей өнерден өнер тудырудың нақты мысалы. Бұл өлеңдi Абайдың Пушкиннен аударғанын жақсы бiлемiз. Пушкин поэзиясындағы iшкi әуездiлiк Абай жүрегiнде трансформацияланып Маралтай қаламына құйылған кезде ешбiр мәнiн жоғалтпаған. Ал, өлеңдегi көңiл-күй ауаны — ол — басқа әңгiме.
 Оны көрсем одан бұрын мұз болдым,
Жанарымды жалықтырып жылтылы.
Оу, оң көзім, қабақ шытпа сол көзге,
Сен де, ей, Бақ, сәтсіз күні жол кезбе.
Танымас та ең, қонбас та ең бәрібір,
Бөтелкенің қасында едім ол кезде.
Ақындардан арылған жоқ сор әлі,
Мойынымда – бар Әлемнің обалы.
Бақыт деген атақ, мансап болса егер,
Бақытсыз-ақ күн кешуге болады!
Жазмыш деген бiр қызық...
Алладан жетсе арайлы үн.
Түндiктi түнде түргiзiп,
Аққан жұлдызды санаймын.
Iңiрде шығып төбеге,
Жанарға жас боп құйылған
Ана бiр жарық немене,
Ғұмыр ма қыршын қиылған!?
Не ұғып, ненi бiлемiн,
Менiң де санам боданда.
Ақын ба әлде жүрегiн
Қансоқта еткен қоғамға?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу