Өлеңдер ✍️

  15.09.2022
  67


Автор: Нұрбек Нұржанұлы

Сен сарғайдың мың мұңға, мен қайтем...

Сен сарғайдың мың мұңға, мен қайтем?
Жапырақ-ай, өлермісің, не етерсің?
Аспан ана көз жасына жуынып,
Сен де бір күн үзілерсің, кетерсің.
Жапырақ-ай, сағынған сол жоқтаған,
Ауру дала бір күрсініп жөтелсін.
Жапырақ-ай, қай күз екен белгісіз,
Мен сарғайсам, мені өлтіріп өтерсің.
Қалқам, соны неғыласың деймін ау,
Дәл өзіндей құмартқанда гүлге қыз.
Сізге оданша жапырақты сыйлайын,
Бұл мезгілдей жүрегімде күнде күз.
Сіз сарғайып меніменен кетерсіз,
Жапырақтай ғұмырымда сүрсеңіз.
Жапырақ-ай, үзілсек те бір болып,
Көктем келсе, бүр жарайық бірге біз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу