Өлеңдер ✍️

  15.09.2022
  113


Автор: Нұрбек Нұржанұлы

Таудағы сұлу

Арманға ұмтылып алдағы,
Кеземін тау мен тас, қыратты.
Ақыл мен жүрегім қосылған,
Арманым шың биік, тұрақты.
Тау — менің сұп-суық жүрегім,
Жарылып, өзен боп жыр ақты.
Сол тауда бір сұлу жүреді,
Түнекте жағып-ап шырақты.
Жалғыз тау, жалғыз қыз, жалғыз Ай,
Жалғыз бұлт төгеді жаңбырды.
Адам мен табиғат өткізер,
Бірлесіп бұл тұман тағдырды.
Жалғыздық түнектен шаршаған,
Сұлу қыз кетуге сан тұрды.
Ақыры кетті ғой алысқа,
Бірақ та шырақты қалдырды.
Келеді, сол сұлу келеді,
Шырағы қалмас ед шеттесе.
Тау болып қаламын, күтемін,
Сезімім, самалға беттесе.
Сендегі шырақты сөндірмей,
Тағдырға тұрамын кектесе.
Күтемін. Қалдырған шырақтан
Тау, орман өртеніп кетпесе.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу