Өлеңдер ✍️

  14.09.2022
  383


Автор: Зәһәрә Нұрәділқызы

Қарасаз

(Мұқағали Мақатаевтің мұражайына арнау)



Елшенбүйрек тауының бөктерінде,
Айды аймалап, бой созған көкте күнге.
Айбыны асқақ мұражай еңселі де,
Куә болған ақынның өткеніне.
Қайырмасы:
Жасыл таудың етегі,
Асыл жанның мекені
Жаңа әуен, жаңа саз.
Батырлардың мекені
Ақындардың мекені
Қарқара мен Қарасаз.
Елшенбүйрек тауының бауырында,
Қауыштық біз Қарасаз ауылында.
Тұр қарсы алып алыстан келгендерді,
Туған жердің жауынын, дауылын да.
Қайырмасы:
Әрбір сөзі ұласқан есіл үнге,
Әйгілеген әлемге есімін де.
Әуелеген ән-күймен бүгін ақын,
Тербеледі мәңгілік бесігінде.
Қайырмасы:




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу