Өлеңдер ✍️

  13.09.2022
  126


Автор: Зайда Медеуханқызы

Жас қыран

Сен киелі құс едің-ау, қыран шын,
Күтіп жатыр алдыңда талай құзар шың.
Ақ үрпек ең жетілмеген бір кезде,
Талмас енді болат топшы қанатың.
Текті құссың баптауменен жанатын,
Құз қиядан қыран етіп салатын.
Басқа құстар садаға кетсін өзіңнен,
Мұз балағым дауылдарды жаратын.
Зеңгір көкте қалықтап ұшып барасың,
Жай оғындай жарқ-жұрқ етіп қаласың.
Жоғалтқандай бірдемеңді тоқтаусыз,
Осқылайсың ақша бұлттың арасын.


Қылыштайын қылшылдайды қанатың,
Қайрылмайсың, қатуланып барасың.
Қызғыш, қарға, шағалалар шаңқылдап,
Алған ба екен жас қыранның мазасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу