Өлеңдер ✍️

  13.09.2022
  261


Қален Мейрамбек

Бақыт формуласы

Бақыт формуласы    


 


Формула ма? 


Құрау қиын емес-ау,


Кейбір сөздер жай ғана бір елес-ау


Бір мен үшін формуласы бақыттың


 


Үлкендердің маған айтқан кеңесі-ау.


Формула ғой мына өмір қызығы


Жанұя ол-бөлшектің бір сызығы


Екі жастың қосындысын шығарған


 


Пәк сезім мен жалғаған неке жүзігі


Денсаулық та бақыттардың бөлігі


Еһ, махаббат арнайы бір бөлімі


Сезімдерді ұштастырған махаббат


 


Тірілтетін іштей солған өліні


Өсек сөздер айырмасы сананың


Алып таста ойдан оны, қарағым,


Көбейтіп ал мейірімді өзіңе


 


Бөліп таста дұшпандардың сабағын.


Міне, осы формуласы бақыттың


Құрап оны көп ойланып жатыппын


Керегін ал, қалғандарын қоя бер


Бақытты бол, бақ іздеген бақыттым




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу