Өлеңдер ✍️

  13.09.2022
  56


Автор: Жәнібек ӘЛИМАН

АБЫЛАЙДЫҢ ТҮСІ

Арыстан да қалмапты түске енетін,
Данышпан да аруақты түс көретін.
Базыналы жұртым-ай, Ботақандай
Көр түбінде жатып ап тістенетін...
Балықтайын шіріген басынан ел,
Тігетұғын таппай жүр қосына жер.
Құлқынынан аспаған бүгінгінің
Түсі түгіл, ісінен шошына бер...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу