Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  73


Автор: Бижан Қалмағанбетов

БАЛАПАН

Жұмыртқа ғой аяқты қарасаң да,
Шақыратын қыт-қыттап ала таңда.
Анасынан қалмай бір жүгіретін,
Қызығамын ақ үрпек балапанға.
Бейнедейін жағымды жырға кілең,
Күн кешеді мына өмір ырғағымен.
Тұмсығымен түртеді әрнәрсені,
Жер қазады әлсіздеу тырнағымен.
Себеп те көп болғанмен шаршауына,
Қорек іздеп құп-құйттай жемсауына.
Еңбек етсе тынымсыз, ал жалқаулар,
Жатады үйде сырқаты, дені сауы да.
Суып әбден көңілің, салқындайды,
Бөлме түтін, қатты әуен, қарқылдайды.
Жиырмада емес отызда сәби сынды,
Селт етпейді, еңбекке талпынбайды.
Демес, бәлкім, құриын, азайын да,
Келер жылдар тартырар сазайын да.
Балапандай болмады-ау өмір сүрер,
Тап келмесе қатыгез қожайынға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу