Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  234


Автор: Бижан Қалмағанбетов

ҮЙЛЕНУ

Көңіл бүгін орнықты алаңдардан,
Өтіп талай кедергі, қамалдардан.
Қыз бен жігіт төрде отыр қос аққудай,
Дастарқан тұр майысып тағамдардан.
Үйде тыныш қалайша жата аламын,
Деп келіпті әже мен аталарың.
Ақ жол тілеп жастарға баршасы да,
Айтып жатыр жылы лебіз, баталарын.
Тағдыр енді сіздерге тарылмасын,
Күзің емес, болсыншы жазың басым.
Сыр бөлісіп, бақытың таси берсін,
Өмір бойы жұптарың жазылмасын!
Қимастық жас, бақытын тосады адам,
Жұбайлық шақ басталар осы арадан.
Қазағымның үлгілі отбасы боп,
Сәби үні естілсін босағадан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу