Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  84


Автор: Бижан Қалмағанбетов

ӨМІР СҰЛУЛЫҒЫ

Жеке қайғың, әрине, емес жеңіл мұң,
Сыйлашы тек бар қасиетін теңіңнің.
Әйтпесе әлем бөлшектеніп кетер де,
Сұлулығы тамам болар өмірдің.
Өмір қызық, өмір сұлу зулайды,
Адам болсаң жұтпайсың да құр қайғы.
Ақыл менен арын сатқан жан көрсем,
Жүрек байғұс дүрсілдейді, сыздайды.
Табиғаттың құпиясы көп жасаған,
Алтын қолды керемет те осы адам.
Асыл туған арыстарды аңдып біз,
Құлатпақ боп, тас атпайық тасадан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу