Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  67


Автор: Бижан Қалмағанбетов

ҚҰСТАР

Бой жазып шыға қалсаң тысқа мына,
Мәз болып көк аспанда ұшқанына.
Қанаттарың талмасын дегім келер,
Қиқулап әнге салған құстарыма.
Өткеннің айтар болсақ егер шынын,
Көтерген адамзаттың нелер сынын.
Бейбітшілік құсы деп аялайды,
Халқымыз ісі де аппақ көгершінін.
Желбіретіп көтеріп көк туын да,
Мен мұндалап талай сыр жатты мұнда.
Оқ та атпайды адалдық символы деп,
Қорғайды құс төресі аққуын да.
Баққа келер тыңдауға сыңғыр үнін,
Жайы мәлім әркімге дүлдүлінің.
Табиғаттың жасарған осы шағын,
Ән ғып айтар кезі бұл бұлбұлының.
Көз тоймайды көркіне қарасам да,
Сүйкімді боп көрінер балапан да.
Мені ертемен ұйқымнан оятады,
Бозторғайы шырылдап ала таңда.
Ел қатарлы жақсы өмсір сүрдім делік,
Іштегі ойды жая ма жыр-күнделік.
Бүркіт сынды қуатты тырнағымен,
Ешкімді де жүргем жоқ бүргім келіп.
Кімсің өзің, бейнеңді бір аңдармын,
Әділдік деп сөз бастап, ұрандармын.
Қарғалардың тілемен әрекетін,
Жолын берсін деймін тек қырандардың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу