Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  124


Автор: Бижан Қалмағанбетов

МІНЕЗ

Бірде ашушаң, ал бірде жайдары да,
Кек сақтау ма, пасықтық пайдалы ма?
Жұмыр баста бәрі де кездеседі,
Жіті көзі жіберсең жан-жағыңа.
Осы әдетің сырыңды жайыпты шын,
Жөнсіз айтқан сөзіңе айыптысың.
Мінезіңнен байқайды айналаң да,
Ұшқалақсың, сен әлде, байыптысың.
Ғұрып сақтап жақсылар аялайды,
Ал кейбірі ғайбаттап аямайды.
«Ақ ит кіріп, аузынан көк ит шығып»,
Үндемесең жеңдімге бағалайды.
Өте қиын мінездің өзгеруі,
Сезінесің сөйлескен кезде мұны.
Үлкенге ізет, кішіге аға болып,
Сақтайды ылғи қазақтың сезген ұлы.
Белгісіз жәйт ондайды жуытпасың,
Ашулыны қай адам құрықтасын?
Әкеле алмас лақтырған таяғыңды,
Бір жаман кеп жағаңнан жұлықпасын.
Мінез атты көрікті ой желегінің,
Құшағына енуің бөлек ұғым.
Өзіңе тән сабырлы болсаң ғана,
Көкірегіңе қонады зерек ілім




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу