Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  81


Автор: Бижан Қалмағанбетов

АНАМА

Ұмыт боп бала-шаға, бас қамы да,
Мен саған барымды айтам ақтарыла.
Қарттық жеңіп бара ма, ойланамын,
Көз салам да ақ селеу шаштарыңа.
Ауызға ұстап қолда бар нәсібіңді,
Жыр етесің ұнатқан кәсібіңді.
Бала алаңсыз, келін жүр жайраң қағып,
Сенің арқаң анашым асыл үнді.
Тілек болып әр сөзің өрілгені,
Аман болсын деп мынау көрінгені.
Дұшпаннан да сен барда жасқанбаймын,
Патшадайсың еңселі төрімдегі.
Мен барымды өзіңнен аямаймын,
Құшағыңды сағынсам саялаймын.
Келінім мен немерем болса - дағы,
Өзіңе әлі кішкентай баладаймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу