Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  142


Автор: Бижан Қалмағанбетов

КӨРІСУ

Ұмыттырар бар өкпе-дауыңызды,
Дарқандықтың ортасы ауыл ізгі.
Жаңа жыл деп көктемді күтуші едік,
Бақ-береке 14 НАУРЫЗДЫ.
Кеңігендей қар кетіп, өрісің де,
Бәрі қыстан қалғанды бөлісуде.
Әлі есімде шығушы ек дәл сол күні,
Бір топ бала жұртпенен көрісуге.
Аман-есен жеттік деп тәуір шаққа,
Сауығамыз мейрамда ауырсақ та.
Іш көйлектің етегін толтырамыз,
Құрт-ірімшік, тәтті мен бауырсаққа.
Киіз үйлер есігі ауқымды ашық,.
Түйістіріп төстерін мауқын басып.
Жатыр әне көнекөз қариялар,
Кешегіден сөз бастап қауқылдасып.
Мінсең батыл болашақ кемесіне,
Ертеңгінің көп бізге бересі де.
Бұрқ-сарқ қазақтың көңіліндей,
Қайнап жатыр Наурыз көжесі де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу