Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  110


Автор: Бижан Қалмағанбетов

МІНЕЗ

Сөз айтсаң да түк мәні жоқ, тым езбе,
Қаным шапшып, апшымаймын лезде.
«Ит үреді, керуен көшер» деген бар,
Азаматтың шын келбеті мінезде.
Жігітпіз ғой болып қалар ерегес,
Талпынар да етуге сан келемеж.
Ал бұл бірақ ақымақты төбемде,
Ойнатамын деген әсте сөз емес.
Жасқа жеттім айыратын жаманды,
Асау да емен қирататын қамалды.
Қазағымда жиі айтылар мақалда,
Жылқы мінез десе- дағы адамды.
Өмір – күрес бітпейтұғын зор майдан,
Жауымды іздеп сарқылмаймын шалғайдан.
Тістемеймін басымдағы бөрік қой,
Қастық қылсаң кетем теуіп маңдайдан.
Тура ұғымнан бұра тартып, шегінбен,
Шығу абзал халқың күткен сенімнен.
Күлу оңай мінезіне өзгенің,
Бәрі шығып жүрмесінші төзіңнен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу