Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  121


Автор: Бижан Қалмағанбетов

ТУҒАН ЖЕР

Еңбектері дей алман еленбейді,
Ауыл жақтан шыққандар ерен дейді.
Қалалық боп кетсем де, әлі күнге –
Туған жерге көңілім елеңдейді.
Бұлақсыңдар,біреуің жылғасыңдар,
Ақсақалдар кемеңгер тұлғасыңдар.
Мұнда менің ағайым, алтын жеңгем,
Тай-құлындай тебіскен құрдасым бар.
Асқар тау боп көрінер қыраттары,
Кең жазира даласы жұмақ-тағы.
Ер Махамбет бабамның тұлпарының,
Естілгендей сыртылдап тұяқтары.
Шыққан талай батырдың қырағы үні,
Қияларға самғатқан зиялыны.
Қызылқоға – Тайсойған кім білмейді,
Құт дарыған ауылым Миялыны.
Жеткім келер құс болып алып-ұшып,
Жасампаздық жасалар халық үшін.
Туған жерім жайнай бер, құлпыра түс,
Басылмайды өзіңе сағынышым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу