Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  140


Автор: Әлімқұл Данияр

Тәуекелтүйін

Жанарыма жамыраса жаңа түн,
Кірпігімнен көлеңкелер таматын.
Пейіштерге орнағандай боламын,
Періштелер қағып қалса қанатын.
Адасқақ мұң ышқынады жалығып,
Кеңістікке таратылып тар үміт.
Раушан гүлдер бүрлемеген бақтағы,
Тыныс тисе кететіндей жарылып.
Сондай әсер, сондай сезім мендегі
Болмысымнан безіп, біреу сенбеді?
Бақта жалғыз қалуғада үйрендім
Бүгін ешкім келмеді.
Бақта жалғыз жүрегімді ұстап ап,
Жан-жағымда жанарым жүр...ұшқалақ.
Мына баққа әкелді екен мені кім,
Әкелді екен белгісіз бір күш қамап.
Өз ішіңде өртену бар, жану бар.
Тәуекелге соғып кету... бару бар:
Ақылды боп сыйлағаны болмаса,
Ақындарды сүймейді дос... арулар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу