Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  101


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

ӨЛЕҢ

Өлеңнің түп төркіні, сөз бен сөйлем,
Сөзден сөйлем шығады, оны білем
Абай айтқан уәзіңді сақтай білсе,
Сөйлемдерден құралып тұрады өлең.
Өлеңнің қазы-қарта, жал жаясын,
Бере алса ақындар неге аясын?
Сондай тәтті бір шумақ өлең тапсам,
Мінгендей болам Асан жел маясын.
Қазы қарта өлең бер көкірегім,
Татымсыз көбік сөзге көпірмегін
Түсіре көрме мені жел маядан,
Тек өзіңнен осыны өтінемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу