Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  152


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

ЧЕМПИОНДЫ СҰЛАТТЫ

Тарс-тұрс еткен дыбыстар,
Арысы-күрісі тыныстар.
Былғары қолғап тоқпақтап,
Жүріліп жатыр ұрыстар.
Басың көзің демейді,
Ұшырады үрейді.
Шайрасқан бура секілді,
Асырсам дейді мерейді.
Білектің еті бұлтылдап,
Қимылдары лыпылдап.
Денеден шып-шып тер шықты,
Кетті ме жүрек лықылдап.
Қабақтардан қан шығып,
Кеңсіріктер жаншылып.
Намысты қолдан бермейді,
Кетпесе болды жан шығып.
Зіл батпан соққы батса да,
Өкпесі өшіп жатса да
Үмітін елдің ақтамақ,
Сілесі әбден қатса да.
Зеңбіректей зор екпін,
Қуантып басын әр оттың.
Мексикалықты сұлатты,
Қазақстандық Головкин.
Шалқыды қазақ даласы,
Бас чемпион баласы.
Жасасын біздің – Головкин,
Әлемнің жоқ таласы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу