Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  90


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Аспан

Ай мен күн, жұлдыз, көк аспан.
Сенімен кім бар таласқан.
Қараңғы түнде жұлдызың,
Бірімен бірі ымдасқан.
Күндізгі жортқан алтын күн,
Шегіне жетіп түн асқан.
Бір солып, бірде толған ай,
Табақтай күміс жондасқан.
Темірқазықты айналған,
Қос көкті шешіп ала алмай.
Амалы құрып жеті ұрың,
Шыр айнала мұңдасқан.
Жаз ауып, түн ұзаса.
Шығыстан шығып үркерің.
Үріккен қойдай топтасқан,
Батыстан шығып сары жұлдыз,
Шақырып суық қыс асқан.
Сұлулығы жарасқан,
«Есек қырған» жарқырап.
Шолпан қызбен таласқан.
Жаз бенен қыс, күн мен түн.
Жығысып кезек ырғасқан.
Көз жетпейтін сырың көп,
Бірімен бірі ұласқан.
Соларды білмей ділгірмін,
Жазар едім бір дастан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу