Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  101


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Шоқ болмадым

Шоқ болмадым, бықсыған шала болдым,
Есеймеген ақылсыз бала болдым.
Өзімді шымқай күрең санасам да,
Қайсібір сыншыларға ала болдым.
Көңілім кірсіз десем де ақ жібектей,
Үрке қарар шошынып тікенектей.
Қарлығаштай қайырылып ұшсам-дағы,
Отқа түстім жалпылдақ көбелектей.
Көңіл саған қай дүние жатыр жетпей,
Кел, тоқта, бекітейін желпілдетпей.
Қылығыңды қылыштай сақтасаң да,
Кесер жерге келгенде қалады өтпей...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу