👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  12.09.2022
  42


Автор: Қыңырбек Қамашұлы

Сұр мерген сыншы

Сынады Абай, тұсында заманды да,
Кесапатты би-болыс, наданды да,
Қылмыңдап қысқа күнде қырық құбылған,
Түлкі мінез, тұрпайы адамды да.
Сынады Абай жаманды, жақсыны да,
Қайырсыз бай, тірліксіз тапшыны да.
“Көрінгенге қол жаулық болма деді
Ұйқыңды ашып, малыңды бақшы мына”.
Сынады Абай бет-бейне, сұлулықты,
Сұлулықтың қадірін білу мықты.
Ақ жүзінен нұр тамып тұрса-дағы
Қылығы жүрегінен жылу күтті.
Тіпті, Абайдан кім қалды сыналмаған,
Ақын да, батыр бар ма қыналмаған?
Кердеңдеп, кемелмін деп санайды өзін
Тек Абайды жүрегі құп алмаған.
Сыншы бар ма Абайдан өте алатын,
Ақын бар ма қаймықпай кете алатын.
Абай сыны ақ алмас, жасыл жүзді,
Тобықтан томырылтып ет алатын.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы