Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  86


Автор: Науат Шантубайқызы

Бақытым сендерсіңдер

Балаларым тірлікте бағымды ашқан,
Оты ғой үмітімнің жанып жатқан.
Ана деген атымды өшіріңдер,
Сендерді сағынбасам.
Тәп-тәтті қылықтарың сүйдіретін,
Сендер үшін жағамын тірлік отын.
Күлкілерің жұлдыз ғой жымыңдаған,
Иіскейін маңдайыңнан күн күлетін.
Жүрегім сендерсіңдер бауыр етім,
Бақытым да базарым дәулетім.
Сендерден титтей бодау тілемеймін,
Өмірдің тартсам да мың әуресін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу