07.03.2021
  379


1) Жаманға ошақтың үш бұты,
Үш айлық жол.
2) Жапа шегіп, жай жату
Жасықтықтың белгісі,
Ерте жатып, кеш тұру
Пасықтықтың белгісі.
3) Жаман өзен өткел бермес,
Жаман кісі көпке ермес.
4) Жаманның ойыны жаман
Шошқаның мойыны жаман.
5) Жаманның аттан құлағаны да жаман.
6) Жаман адам өзі бола алмайды,
Болғанды көре алмайды.
7) Жаман өкпелеймін деп
Сыбағасынан құр қалады.
8) Жаманның үсті су болса,
Кеппестей көрер;
Жаман адамға мал бітсе,
Кетпестей көрер.
9) Жаманның айтқаны келмейді,
Сандырақтағаны келеді.
10) Жаман қатын байына
Жалғыз атын сойғызар.
Жақсы қатын жолдасын
Жоқтан құрап тойғызар.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу