Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  87


Автор: Науат Шантубайқызы

Тұлғалым

Ойлап көрсем жиырма жылдың алды еді,
Арман қуып ойлап жүрген әр нені.
Мен өзіңді тұңғыш рет көргенде,
Онда мүлде емес едің өр кеуде.
Сұлулығың, шымырлығың бар еді,
Не деген бұл жігіт дедім әдемі.
Сен де маған қарамадың жай көзбен,
Мен де саған әдемі едім сай келген.
Ал, арада жиырма көктем өткенде,
Жалындап тұр-ау бәлкім от кеуде.
«Қалқам, маған ғашық болдың ба?» деп сұрадың,
Жүрегімді мазалады тұтқиыл бұл сұрағың.


Саған қалай ғашықпын деп айта алам,
Өз-өзіме ол туралы ой салам.
Тек қазақтың сымбатты ақын ұлы деп білгем,
Мезгілсізден үрлемейін жүректегі отты мен.
Өкпелеме бұл жауапқа, тұлғалым,
Салқын тартып бара жатыр қыз жалын.
Маған қойған сұрауыңа жауабым тек осылай,
Жастық жалын өтеді екен найзағайдың отындай.
Күз келгенде гүл сарғайып солады,
Құндылықтар мезгілінде болады.
Енді мені мазалауың керек емес сияқты,
Тәңір саған күн силасын шуақты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу