Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  94


Автор: Алмагүл Жұмажанқызы

Әйел деген

Жазмыш берген табиғатым қыз қылықты,
Ізетпен іс тындырар тыңғылықты.
Әйел деген атымен жасый-жасый,
Талай жалын жігерін сындырыпты.
Ана мейірі-күншуақ сиынғаным,
Күллі әлемді қиялмен шиырладым.
Әйел әдеп аттамас бұл тағылым,
Тиылғаның мән-мазмұн бұйырғаның.


Айғай салып айта алмайсың діл дыбысын,
Тағдырыңа таңылдың ба, құрыды мысың.
Біреуге қол жетпейтін армансың да,
Ал, біреудің майлығысың, сулығысың.
Сұлусың, сымбаттысың, сырлы мүсін,
Еркек-су, жер шарының сен құрлығысың.
Су санқилы өзгеріс таба алады,
Сен тек үнсіз ашылған қыр гүлісің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу