Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  123


Автор: Алмагүл Жұмажанқызы

Жалғыз емеспін

Бау-бақта жүрмін жалғызбын,
Жо... жоқ жалғыз емеспін сен барсың.
Иісін иіскеп жалбыздың,
Құстардың үнін тыңдарсың.
Күн нұры болып себелеп,
Қайратымды тыңдарсың.
Гүл теріп жүрмін желігіп,
Сыңғырлап күліп, сыңсимын әсем әуенмен,
Жебейді сен боп мені үміт,
Елшіге келіп әлемнен.
Жаныма қонған серілік,
Бақытқа солай бөленгем.
Балаша сергек секіріп,
Самал жел баяу кетеді ерке аймалап.
Өтірік бәрі өтірік,
Тіршілік солай айлалы- ақ.
Сенімім сен деп жетіліп,
Сағыныш болып толғанат.
Барады өтіп барлық күн,


Бақытты сезім жол қарап.
Көңілімді саған жеткізер,
Эфирге сәлем жолданат,
Толқынға толқын қолқанат.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу