Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  84


Автор: Алмагүл Жұмажанқызы

Ендеше, сен...

Тағдырға айтқам қашаннан бері келісім,
Арналар саған тырнаштап тапқан жеңісім.
Сергексің, мені сенделтіп қойған серісің,
Алапат өртке аямай өзің салғансың,
Құлшындым сен үшін,
Ендеше, сен де аман бол жаным мен үшін.
Қашаннан екен алдыңғы ғасыр кетті ұзап,
Қаша алмай кетем сен берген сезім боп тұзақ.
Тәлкегің бе екен,
Әлемді тыңдар сақ құлақ,
Алапат толқын арнасын бұзып жатады,
Тыным алмай шапқылап.
Дерегін таппай дара бір дауыл шулайды,
Жүректің үні, салатын әні сырнайлы.


Жауладың жалғыз...
Жауызсың десем сыймайды.
Алапат күшке бойсұнып барлық құбылыс,
Әмірін оның тыңдайды,
Басқаға мойын бұрмайды.
Болашақ солай болжамы тәтті беталыс,
Бола да берсін арманға жету өте алыс.
Табысын табар тағылымы дұрыс жасар іс,
Алапат түзім түнекті бұзып жатады,
Дегендей маған қасарыс...
Ендеше сен де қасарыс!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу