Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  108


Автор: Сағыныш Намазшамова

Кеше отырған күміс зерлі күймемде...

Кеше отырған күміс зерлі күймемде,
Көңілсіздің күйін кешкен бір мен бе?!
Бегімайдың жырын айтып қайтейін,
Белуардан ойға батып жүргенде.
Шырмауықтай шырмалуға шақ қалған,
Кездерімнен антымды айтып ақталғам.
Бейкүнә ойға батыраштық жасадым,
Жанарынан жасы тамып жатты арман.
Ұстатпайтын сағым сынды мол үміт,
Сол үмітке жолда қалдым жолығып.
Көңіліңіз Күн секілді, жүрейін –
алыстан-ақ мейіріміне шомылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу