Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  152


Автор: Сағыныш Намазшамова

ӘКЕМЕ

Әкежан, арманымнан шошынбағын,
Күтіп тұр әлдеқайда тосын бағым.
Қиналған кездерімде жаным жасып,
Дейсің-ау: «Қызым, мен де осындамын».
От шарпып, жүректегі жалын ұрған,
Қорқасың, әке, неге қарымымнан?!
Ойлайсың «Қалып қояр орта жолда,
Таба алмай қала ма, - деп, - бағын жырдан».
Әкежан, қуанамын сіз барына,
Көміліп, жүрмін өлең ызғарына.
Ақ өлеңнің құйыны құтқарады
Құлап кетсем тағдырдың құз-жарына.
Өлеңсіз бұл қызыңның күні жетім,
Үздіксіз жыр боп сезім тізілетін.
Жаным мен өмірімді жалғап жатқан,
Өлеңім - өлмейтұғын құдіретім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу