Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  99


Автор: Сағыныш Намазшамова

Есер ғой ол, ерік берме ерінге...

Есер ғой ол, ерік берме ерінге,
Ерінбеген езулейді тегінде.
Ақыл тезбен, асыл сөзбен ұғындыр,
Не жатқанын ойдың алтын кенінде.
Тіл ұшында тұрған уға тосқауыл
Тіс болады, жаратылмас босқа бұл.
Тілге тиек, жерге үйек табылар,
Кемел болса жасамыс та, жас та бір.
Тіл – қасиет, тіл – кемеңгер, киелі ол,
Кие ұрмасын десең сөзге ие бол.
Болашаққа бағыт сілтеп тұрған бұл –
Көнелерден қалған бізге күре жол.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу