Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  117


Автор: Сағыныш Намазшамова

- Бақыт деген не десе не айтар едің?

- Бақыт деген не десе не айтар едің?
- Ол менің сайын далам, байтақ елім.
- Байлығың, қазынаң не таусылмайтын?
- Ана тілім, шығарған даусымды айқын.
- Дана ақылды бұл қазақ сақтамай ма?
- Ақыл кені қарт қойма ақ самайда.
- Тәрбиеде ұстанған қазығың не?
- Ұрпақ жолы әженің әжімінде.
- Атың қайсы қастерлеп, үкілеген?
- Ар дариды ананың сүтіменен.
- Шаңырақ бағын қалай өсіріп ең?
- Төрдегі тербетілген бесігіммен.
- Еңбекпенен өрлеген кім еліңде?
- Күш-қайратер азамат білегінде.
Халықтың ақ баталы тілегінде.
Сыйып тұр мұның бәрі қазағымның
Әлемнің картасындай жүрегінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу