Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  71


Автор: Сағыныш Намазшамова

Жол үстінде жолығып...

Жол үстінде жолығып,
Жол үстінде қоштасып,
Үлгердік пе, білмеймін,
Қимас жандай достасып?
Түйістіріп көзге көз
Қарадық па дұрыстап,
Екеумізді күтті ме
Ақ қар басқан күміс бақ.
Ести алмай кеттік пе
Жүректердің қағысын,
іңкәрліктің тынысын,
сезімдердің дауысын.
Сүйікті де демедік,
Сүйе де алмай қанып бір,
Сіздің жұлдыз әнекей,
Жоғарыда жанып тұр.
Түсіме ене береді
Сұлу, суық түсі ақ қар...
Қыспай қалған құшақтар...
Ұшпай қалған ұшақтар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу