Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  89


Автор: Сағыныш Намазшамова

Аналарым, ақ самай әжелерім...

Аналарым, ақ самай әжелерім,
Сендердей мен де өмірге дән егемін.
Еркелігім шығар тек, жетпей жүрсем,
Жастықпен қадіріне дәнеменің.
Әжелерім, шежіре, әз үндерім,
Сабырлы едің, не деген қажырлы едің.
Жүріп өткен жолдарың шиырлаған,
Әр беріп тұр жүзіңе әжімдерің.
Әжелерім жүн түткен, киіз басып,
Кетіп бара жатыр-ау қиырға асып.
Сарқытың бола алармын салтқа жарар,
Естіртсең сыр сандықтан күйіңді ашып.
Қыз болып, келін болып көктегенің -
Тамыры терең кеткен көк терегің.
Жеткізген көне демін - өнегелім,
Өзіңдей болсам енді деп келемін.
Аналарым, ақ самай әжелерім,
Сендердей мен де өмірге дән егемін.
Еркелігім шығар тек, жетпей жүрсем,
Жастықпен қадіріне дәнеменің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу