Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  99


Автор: Сағыныш Намазшамова

Мен шаршадым, құр елестен шаршадым...

Мен шаршадым, құр елестен шаршадым,
Тұп-тұнық ой сыйға тартшы, таң сәрім!
Әлі қанша ауар саған аңсарым,
Құлдығың боп жүрем әлі қанша күн.
Қуанышым бола тұра, мұңым сен,
Қайсы басым безбендеуге жүгінсем?
Бақыт үшін бұралаң жол бағыт боп,
Кінәлама, сезім үшін сүрінсем.
Ақталды деп мені айыпқа бұйырма,
Кетіп қалсам көз көрмейтін қиырға,
Сартап болған сағынышты ерттеп ап,
Менің жүрген жолдарымды шиырла.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу