Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  56


Автор: Сағыныш Намазшамова

Бірге өткізген алты жылым мәрт екен....

Бірге өткізген алты жылым мәрт екен,
Сол жылдардың жанарында жарқ етем.
Сенсіз кешкен қуанышым
жалқы екен,
Сенсіз өткен жарық күнім
жарты екен.
Бірге өткізген алты жылым бұлдырап,
Қимай кетті бір жадырап,
бір жылап.
Сол әлемге біз де беттеп барамыз,
Бірде күліп,
бірде әсіре тұнжырап.
Шұғыла Күн,
шыр айналған шартабақ,
Шуағынан қуат алған шартарап.
Атам кетіп –
атан кетіп барады –
Алты жылым алпыс жылды арқалап




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу