Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  92


Автор: Сағыныш Намазшамова

ҚОШТАСУ

Бәрі қалды өткеннің еншісінде,
Босат мені,
осыны сен түсін де.
Мен де күйдім кезінде, сезе алмадың,
Қалған жалғыз сен емес өрт ішінде.
Бәрі қалды кешенің үлесінде,
Оған өзің кінәлі,
білесің бе?
Көз ұшында кеткенде керуенім,
Құлқың болмай қалып ең ілесуге.
Бәрі бітті,
қалған жоқ мүлде сезім,
Қалған болса, мен бұлай күлмес едім.
Шиыр-шиыр жол ғана жатыр сайрап,
Бойында бізге таныс бір көшенің




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу