Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  94


Автор: Сағыныш Намазшамова

Тағдыр мәңгі бір болуды жазбаған

Тағдыр мәңгі бір болуды жазбаған
Бір-біріне біздей құштар аз ба адам.
Есеңгіреп, ескегімді бос қойып,
Ой түбіне опат бола жаздағам.
Өмірде нақ екі түс бар – ақ, қара,
Бір жылайсың, бір күлесің шаттана.
Бақыт деген баста мәңгі тұрмайтын
Көзді ашып-жұмғанша өтер сәт қана.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу