Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  226


Автор: Сағыныш Намазшамова

Аға, ақыл қосыңызшы...

Аға, ақыл қосыңызшы,
Көп еді ғой Сізде ақыл,
Пенделіктің пердесінен арылмадық біз пақыр.
Өкпелетті, тепті өзекке өгей көріп мына орта,
Менің жаным жаншылып жүр,
Менің жаным сызда тұр.
Осы ортада болар деуші ем ұлағат та, өнеге,
Сырты ғана жылтыр екен,
сусып тұрған сөреде.
Кезіп кеткім келуші еді кең әлемді кеше мен,
Безіп кеткім келіп-ақ жүр қолды қойып төбеме.
Міншіл ме әлде, күншіл ме әлде,
Мүмкін менде бар айып,
Қалай жүрем мына ортада соқыршектей қарайып.
Шолақ дүние, қонақ дүние,
Қадіріңе жете алмай,
Алакөз боп, жала көздеп күміс күнді тонадық.
Дейтіндейсіз
«Көрдік талай тайталасын біз мұның»,
«Қайсарлығың бар еді» деп,
қабырғамды сызды мұң.
Жасық емес,
жасын болам,
найзағайдай жарқ етер,
Күншілдікті қақ жарады бүгін менің ізгі үнім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу