Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  95


Автор: Сағыныш Намазшамова

Күнделікке сыр айтамын, ақыл ап...

Күнделікке сыр айтамын, ақыл ап,
Жансыз дәптер жан досыңа татымақ.
Ақтармасын.
Тапталмасын табанда,
Жүрек сырын жайып салған жапырақ.
Парағынан қарайды бір күліп күн,
Ұмсынады, құлшынады бір ұшқын.
Уақытымды кенде қалған елемей,
Бақытымды бейнелеуге тырыстым.
Бір парақта лап етуге асықты от,
Қайта жанды бір алауын басып кеп.
Базар-ғұмыр қыздырғанда көрігін,
Ғазал жырым жазылады ғашық боп.
Бір бетінде таңырқадым, торықтым,
Бір бетінде залымдықпен жолықтым.
Күрсінбеуге, сүйенбеуге төселіп,
Білсін деуге, сүйем деуге қорықтым.
Күнделікке сыр айтамын, ақыл ап,
Жансыз дәптер жан досыңа татымақ.
Ақтармасын.
Тапталмасын табанда,
Жүрек сырын жайып салған жапырақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу