Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  119


Автор: Сағыныш Намазшамова

Бақытын іздеп бес күннің...

Бақытын іздеп бес күннің,
Қиялмен қырды кеземін.
Сағынышы болмай ешкімнің,
Сарғайып кеттім тек өзім.
Тағылық көрсең, дір етпе,
Тағдырдың жолы бұралаң.
Із салып кетті жүрекке,
Жауап бермейтін бір адам.
Тілім болғанмен, тұншығам,
Көзім бар, бірақ соқырмын.
Сезімнің селін сусыған,
Тізгіндей алмай отырмын.
Ағызып, мейлі әкетсін,
Асау толқындар жыраққа.
(Мына дүниеге жат етсін),
... Жеткізер ме екен жұмаққа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу