Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  73


Автор: Сағыныш Намазшамова

Тарпаң ойға тасталғанда бұғалық...

Тарпаң ойға тасталғанда бұғалық,
Бұғалықтың буған жібін құп алып,
Қылқұйрықтан қалған шаңдай шұбалып,
Бұлаң қағып бара жатты жыл ағып.
Көкшұланға кез болғанда көкбет күн,
Көнбістіктен құралайдай боп кеттім.
Аша тұяқ арашаға жарар-ау,
Кіндігімнен, бірақ, қайда кетпекпін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу