Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  97


Автор: Рза Қунақова

Тау көктемі тəрізді

Тау көктемі тəрізді
Бөлек таудың қысы да.
Адамының жаны ізгі,
Кел, қонақ бол, қысылма.
Ақ қар жатыр бөктерде,
Төгілген ақ айрандай.
Қыс емес-ау,
Көктемде
Жүргендейсіз сайрандап.
Тауда болса тұрағы,
Əркім сырын ұғады.
Теңгедей алтын жарқырап,
Күн де таудан шығады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу