Өлеңдер ✍️

  11.09.2022
  109


Автор: Рза Қунақова

БҰЛАҚ БАСЫНДА

Шаңқай түсте, кезінде ыстық шілденің,
Мөлдіреген бір бұлаққа тоқтадым.
Ұзақ жолда келе жатып шөлдедім,
Күйдіреді топырақ – от, шоқ – сағым.
Қымыз іздеп қасымдағы жолдасым,
Кете берді атыменен аяңдап.
Бастасақ та бірге екеуміз жол басын,
Орта жолда қалар едім жаяулап.
Суын іштім балбұлақтың тамсанып,
Шөлдегенім, шаршағаным басылды.
Жүреміз ғой «білгішпіз», – деп жар салып,
Ажырата алмай кейде қола, асылды.
Ерні кеуіп, аузы құрғап шөлдеген,
Құлаққа ілмей кеткен досым сөзімді.
Ат үстінде қайта күнсіп өлмеген,
Мақтанатын: «жігітпін», – деп төзімді. –
Əлсірепті, жүре алмайды бір аттам,
Аш бөрідей бастауға тез ұмтылды.
«Өзен-көлдер құралмай ма бұлақтан?» –
Дегендей боп, төбемізде Күн тұрды.
Жолсерігім шөлін басып, жайланып,
Кешке дейін жатты бұлақ басында.
Əрбір істі шешу керек жайланып,
Кейде асығыс жасаймыз ғой расында




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу